Халықаралық тұрақтылықтың негізі – БҰҰ Жарғысына адалды

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселе – бүгінгі әлем үшін аса өзекті. Қазіргі геосаяси жағдайда тұрақсыздық пен сенімсіздік күшейіп тұрғаны рас. Осындай күрделі кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше маңызға ие.

Мемлекет басшысының БҰҰ Жарғысын таңдап емес, тұтас құжат ретінде сақтау қажет деген пікірі орынды деп есептеймін. Өйткені халықаралық құқықтың негізгі қағидалары бәріне бірдей қолданылуы тиіс. Егер бұл принциптер әр елге әртүрлі қолданылатын болса, онда әділеттілік пен сенім жоғалады.

Сонымен қатар, қазіргі әлемнің өзгеріп жатқанын ескерсек, халықаралық институттардың да жаңа талаптарға бейімделуі маңызды. Дегенмен, қандай өзгеріс болса да, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі – ортақ келісім мен заңға құрмет екені анық.

Жалпы алғанда, Президенттің бұл үндеуі жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп санаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT