“Жұқа мұз-сақтықты талап етеді”: полицейлер балықшыларға қауіпсіздік ережелерін ескертті

(1 Vote)

Жайық өзенінде көктемгі кезеңге байланысты мұз қабаты жұқарып, кей жерлерде қауіпті жағдай қалыптасуда.

Осыған орай Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері өзен бойында балықшылармен кездесіп, ескерту жұмыстарын жүргізді.

— Қазір мұз өте осал. Сырт көзге қалың болып көрінгенімен, кез келген сәтте ойылып кетуі мүмкін. Сондықтан жұқа мұзға шықпай, барынша сақ болған жөн. Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды. Сол себепті қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өміріңізге бейжай қарамауыңызды сұраймыз, — деді Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Максим Рахмеденов.

Тәртіп сақшылары балықшылармен тілдесіп, қауіптің алдын алу мақсатында бірқатар кеңестер берді. Сондай-ақ азаматтарға көктем мезгілінде өзен жағасында барынша сақтық танытып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажеттігі жеткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT