«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі) - Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі:
Аудандық білім бөлімінің қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы бұйрығы не осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш жасаған кезде - 19 (он тоғыз) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсету нысаны: «бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде көрсетілетін қызмет.
Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықта түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) егер некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
4) «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының), егер некеде тұрса, және көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан және «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді;
5) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
6) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз түріндегі көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
7) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының нұсқауы бойынша жазылған әкесі туралы мәлімет, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда) көшiрмелері;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы мәліметтер;
9) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;
10) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың дайындықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
11) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда).
Құжаттар тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей аналарына) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа береді.
Қосымша ақпаратты Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің 8(71233) 2-11-39 телефонына хабарласып сұрауға болады.
Р.Ш.Кумарова Құрманғазы ауданы білім бөлімінің бас маманы

