Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Бұл игі бастама табиғатқа жанашырлық танытып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін насихаттауға да ерекше мән береді.
Осыған орай Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адинов табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген бірқатар ұжымдар мен тұрғындарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Марапаттар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өзіндік үлес қосып, экологиялық бастамаларға жауапкершілікпен қарап жүрген азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында табысталды. Шара барысында табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желекті көбейту – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып жүрген белсенді тұрғындарға алғыс білдіріліп, олардың өнегелі істері көпшілікке үлгі екені айтылды.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ


