Ғабдол Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында «Заң мен тәртіп – мемлекеттің мызғымас тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын-алу, заңға деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрмеге Халел Досмұхамедов атындағы университеттің филология факультетінің 2 курс студенттері қатысып, заң мен тәртіп тақырыбындағы әдебиеттермен және танымдық материалдармен танысты. Сонымен қатар, студенттер құқықтық тәрбие мен қоғамдағы заңның рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.