#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел уәкілдер оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ буллинг, кибербуллинг, әлімжеттік және бопсалаудың алдын алу, өзара сыйластық пен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру, есірткі, алкоголь және темекінің зияны мен олардың заңға сәйкес салдары туралы кеңінен айтылды.
Оқушыларға түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің қауіптілігі, жол ережелерін сақтау, көлік құралдарын басқармау, интернет алаяқтықтан сақтану және жеке деректерді қорғау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мәдениетіне де назар аударылды.

