Жасөспірімдер акцияны флешмобпен қолдады

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында отбасы-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға және зорлық-зомбылыққа жол бермеуге бағытталған ақпараттық акцияны жасөспірімдер де қолдады. Олар арнайы флешмоб ұйымдастырып, өздерінің отбасындағы татулық пен сыйластықты, зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты насихаттайтын үндеуін жеткізді.

Флешмоб барысында жастар бірлік, өзара құрмет және қауіпсіз отбасы құндылықтарының маңыздылығын көрсетті. Іс-шараға қатысушылар қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін айтып, әр адамды жақындарына құрметпен қарауға және жанжалдың алдын алуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT