ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ — БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Бұл маңызды құжат еліміздің білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге, оқушыларға заманауи әрі сапалы білім алуға мүмкіндік жасауға бағытталған.

 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында:
* мектептердің цифрлық инфрақұрылымы дамытылады;
* жасанды интеллект негізіндегі оқыту тетіктері енгізіледі;
* педагогтердің цифрлық құзыреттілігі артады;
* дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік күшейтіледі.

Жарлықта шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мектептерді  заманауи техникалық құралдармен және сапалы цифрлық білім беру ресурсымен қамтамасыз ету қарастырылған. Бастапқы кезеңде пилоттық жоба аясында тиімді шешімдерді кезең-кезеңімен енгізе отырып, еліміздегі 2600-ден астам шағын жинақты мектептің шамамен 500-ін қамту жоспарланды.

Жасанды интеллект педагогті алмастырмайды. Керісінше, мұғалімнің кәсіби рөлін күшейтіп, әкімшілік жүктемені азайтуға және оқушылармен жеке жұмыс жасау мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған қосымша құрал болады.

Бұл бастама — адами капиталды дамытуға, білім сапасын арттыруға және цифрлық дәуірге бейім жаңа буынды тәрбиелеуге жасалған маңызды қадам.  @atyrau_bilim_basqarmasy Атырау Облысы Білім Басқармасы
@atyrau_bilim_bolimi Атырау Қалалық Білім Бөлімі
#атырауқаласы 46 ортамектеп

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT