Жас өнертапқыштарға қолдау – жарқын болашақ кепілі

(0 Votes)

#заңментәртіп

Атырауда «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында KIBERone IT мектебінде робототехника көрмесі ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында оқушылардың техникалық шығармашылығын қолдау, ғылым мен технологияға қызығушылығын арттыру мақсатында жас өнертапқыштардың жобалары таныстырылды. Оқушылар өздері құрастырған роботтарын көрсетіп, бағдарламалау және инженерлік бағыттағы жобалары туралы баяндады.

 

Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік, өзара сыйластық, құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

Мұндай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың білімге, ғылым мен заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттырып, оң құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT