«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары Бірлік ауылының ардагер ұстазының ауласын арамшөптен тазартып, айналасын ретке келтіру жұмыстарына белсене қатысты.
Ұстазға құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы. Көп жылдар бойы саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған ардагерге қамқорлық таныту – жастардың ізгілікке деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Осындай игі істер арқылы «Жасыл ел» сарбаздары қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеп келеді.

