Атырау облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін қоғамдық бастамаларды қолдау.

Шара барысында қатысушылар өңірдегі Жұмыскер шағынауданы маңындағы Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.
Экологиялық акцияға 300-ге жуық адам қатысып, табиғатты қорғауға өз үлесін қосты. Тазалық жұмыстарына «АМӨЗ» ЖШС, «West Dala» ЖШС, «COCR» ЖШС, «KPI» ЖШС, «KUS» ЖШС, «Nasar Solutions» ЖШС, «Матен» және «Қожан» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері белсенді атсалысты.

Акция барысында жалпы ұзындығы 10 шақырым аумақ тазартылып, шамамен 15 тонна қоқыс жиналды. Жиналған қалдықтар белгіленген арнайы полигонға шығарылды.
Ботагөз ИСАТАЙ


