Жаңа Конституция жас мамандардың өз-өздерін жетілдіруге нақты мүмкіндіктер береді

(0 Votes)

Павлодар облысының креативті жастары мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жастар алдында цифрлық орта, білім, ғылым, мәдениет және саясат салаларында ашылатын жаңа мүмкіндіктерді талқылады. IT-колледж базасында өткізілген ашық микрофон форматындағы кездесу жоғары және орта арнайы оқу орындарының белсенді студенттерінің басын қосты.

Коалиция мүшелері білімді, талантты және бәсекеге қабілетті жастар елдің болашағы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі таңда дәл осындай жастарға басымдық беріп отыр. Олардың дамуы үшін заңдар жетілдіріліп, креативті индустриялар мен инновациялық жобалармен айналысуларына жағдай жасалуда.

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – Конституция жобасында қарастырылатын жаңа цифрлық құқық нормалары туралы болды. Бұл, ең алдымен, жеке деректерді, цифрлық тұлғаны және интернет кеңістігіндегі зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтиды. Студенттер бұл ережелерді цифрлық кәсіпкерлерге, IT-сарапшыларға және медиа авторларға құқықтық кепілдіктерді күшейтуге арналған уақытылы қадам деп жоғары бағалады.

Жаңа Конституция жобасына енген Президенттің маңызды қағидаларының бірі – адами капиталдың маңызын мойындау. Қазіргі таңда көріп отырғанымыздай, әлемде ең табысты мемлекеттер технологиялар мен интеллектуалды салаларды дамытудың арқасында алға шығуда. Сондықтан жаңа Конституция жас мамандарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, инновацияларды енгізуге нақты мүмкіндіктер ашып, заманауи білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтеді және адал еңбекке жол ашады.

Жастар осы нормалардың Ата заң деңгейінде бекітілуінің арқасында өз болашағына сенімді қарап, өмірін және кәсіби қызметін туған елінде өз халқының игілігі үшін жоспарлай алатындарын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Павлодар жастары жаңа Конституцияны қолдайтындықтарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT