#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі 20 сәуірден бастап заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын жариялайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қаруды өз еркімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылады.
Тапсырылған қарудың түрі мен техникалық жағдайына қарай мемлекет тарапынан арнайы ақшалай сыйақы төленеді. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталғандықтан, аудан тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақырамыз.

