Вокзал маңы 3а ықшам ауданында абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары шілде айында тәмамдалып, тұрғындардың игілігіне балалар және спорт алаңдары пайдалануға берілді.
Жоба аясында 15а, 16а, 17а, 20а, 21а, 22а және 52а тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ Сарыарқа және Алипова көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру барысында балалар ойын алаңымен қатар, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретін көп функционалды кіші футбол алаңы салынды. Сонымен қатар, демалыс аймақтары мен қажетті инфрақұрылым элементтері орнатылып, аумақ толықтай жаңартылды.
Жаңартылған балалар-спорт алаңы балалардың қауіпсіз ойнауына, жастардың спортпен айналысуына және тұрғындардың бос уақытын жайлы өткізуіне қолайлы жағдай жасайды.

