Туған өлкенің тазалығы — баршаға ортақ іс

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбіліктерге тұрғындар белсенді қатысып, қоғамдық орындарды ретке келтіруге атсалысуда.

Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылып, саябақтар мен әлеуметтік нысандар маңы ретке келтірілді. Сонымен қатар, санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Мұндай экологиялық шаралар ауданның көркеюіне оң ықпал етіп, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда.

— Бекжан Аманұлы, аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT