Қарағанды облысының Талды ауылында учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, ауыл жастарын спортқа баулып жүр.
Түтіні түзу ұшқан Талды ауылының тарихы сонау 1968 жылдан бастау алады. Бүгінде мұнда 500-ден астам тұрғын тату-тәтті ғұмыр кешіп, негізінен мал шаруашылығы мен егіншілікті кәсіп етіп отыр.
Ауылдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындардың тыныштығын күзетіп жүргендердің бірі – Шет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Мұхамедқали Садуақасов.


