«Цифрлық нотариат» тақырыбында тікелей эфир өтеді

(0 Votes)

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті «Цифрлық нотариат» тақырыбында тікелей эфир өткізеді.

Эфир барысында цифрлық нотариат жүйесінің мүмкіндіктері, нотариаттық қызметтерді электронды форматта алу тәртібі, цифрлық сервистердің артықшылықтары мен оларды пайдалану жолдары кеңінен түсіндіріледі. Сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап беріледі.

Тікелей эфирдің қонағы – Атырау облыстық нотариаттық палатасының жеке нотариусы Ләззат Асқарқызы.

📅 Күні: 10 тамыз 2026 жыл
🕙 Уақыты: 10:00

Тікелей эфирге қосылып, нотариат саласындағы цифрлық қызметтер туралы өзекті ақпарат алып, көкейіңіздегі сұрақтарға жауап алыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT