Тұрғындардың қауіпсіздігі-басты назарда:«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы басталды

(0 Votes)
Тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты міндеті. Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі әкімшілік аумақтарда тұрғындармен кездесіп, ескерту жұмыстарын жүргізді.
 
Кездесу барысында инспекторлар тұрғын үй кешендерінің жауапты менеджерлерімен пікір алмасып, көпқабатты үйлердің аула аумақтарын аралады. Ауладағы қауіпсіздік шаралары, бейнебақылау камераларының жай-күйі қаралып, тұрғындардың тыныштығын сақтау мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Іс-шара барысында балаларға да ерекше көңіл бөлінді. Полицейлер оларға жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсіндіріп, жолдан дұрыс өту ережелерін еске салды. Балалар қызметтік автокөлікті жақыннан көріп, тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы жайында қызықты мәліметтер алып, ерекше әсер алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT