“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында ауданда жаппай сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Сенбіліктермен қатар, “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының мүшелері де өңір тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді.
Жастар саябақтар мен скверлерді, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл игі бастама қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етуде.
MT


