Мұқыр ауылдық округінде және округке қарасты елді мекендерде «Таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында жағалау аумақтары, демалыс орындары мен қоғамдық жерлер қоқыстан тазартылып, бейберекет тасталған қалдықтар арнайы техникамен шығарылды.
Акцияға ауылдық округ әкімдігі, мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Өз тілшіміз
#ТазаҚазақстан #ТазаЖағалау #ТазаАуыл #МұқырАуылдықОкругі

