«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы сенбілік

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Көктоғай ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындарда санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

 Сонымен қатар, Жайық өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылып, табиғи аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылды. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар туған жердің көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыра түседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT