«Таза Қазақстан»: Теңіз ауылдық округінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

(0 Votes)

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Теңіз ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастырылып, аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жаға бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айналадағы қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына қатысушылар арамшөптерді жұлып, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған жердің көркеюіне бағытталған. Теңіз ауылдық округінде тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT