«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Жарсуат ауылынла мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы барысында ағаш түптері әктеліп, тұрмыстық қалдықтар, қураған өсімдіктер мен бұтақтар жиналды. Сонымен қатар, арнайы техникалар — 1 трактор мен 1 тиегіш жұмылдырылып, жиналған қоқыстар сыртқа шығарылды.
Табиғатты таза ұстау – әр азаматтың міндеті. Тазалыққа бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғау арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі көрікті мекен қалдырамыз.

