«Таза Қазақстан» акциясы: тазалық пен абаттандыру жұмыстары бақылауда

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қала аумағындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру жұмыстарын жандандыру және инфрақұрылым нысандарының жай-күйін бағалау мақсатында қала әкімі Қадыржан Адинов мониторинг жүргізді.

Аралау барысында шаһар басшысы көшелердің тазалығы, қоғамдық орындардың жағдайы, жаяу жүргіншілер жолдарының сапасы және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Мониторинг кезінде жол жиектерін ретке келтіру, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жеке тұрғын үй иелеріне өз үйлеріне іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді. Қала әкімі тазалық сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Теміржолшылар ықшамауданындағы заңсыз орнатылған қоршауларды жою және аумақты санитарлық талаптарға сәйкестендіру мәселесі қаралды.

Шаһар басшысы бірқатар нысандарды аралап, жастар саябағындағы абаттандыру, зираттарды қоршау, көше жарығын орнату және жаңа жаяу жүргіншілер жолдарының құрылыс жұмыстарын тексерді. Ол мердігер ұйымдарға жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Қала аумағын көркейту, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болмақ. 

       
                                                                         А. Мейрамбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT