ТАЗА АУДАН - ТАЗА ОРТА

(0 Votes)

Жуырда аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Мақат – Таза Қазақстан» атты жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысып, өздеріне белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – аудан аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру.

Аталған игі бастама аудан тұрғындарының белсенділігімен жалғасып, туған жердің тазалығы мен көркейуіне өз үлесін қосты.

Б.СЕРІК

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT