Тағылымы мол семинар

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада Атырау облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесі, аталған кітапхана және «Жансая» көшбасшы аналар клубының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ана-тәрбиеші-көшбасшы: тәжірибе, тәрбие және тұлғалық даму» атты облыстық оқыту-тәжірибелік семинары өтті. Негізгі мақсаты – аналардың қоғамдағы рөлін терең түсініп, өзара ой бөлісіп, рухани және тұлғалық даму бағытын айқындауы. Семинар жұмысына облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Кенжеқыз Мусағалиева, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің аналар кеңесінің төрайымы Айжан Рахметова, психология ғылымдарының магистрі, транзактты анализ бағытындағы психотерапевт, «Білім-Инновация» лицей-интернатының педагог-психологы  Жадыра Хасанова, Атырау облыстық мәслихатының депутаты, аудандық Отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы, аудандық аналар кеңесінің мүшесі, «Жансая» көшбасшы аналар клубының төрайымы Замзәгүл Карсакова, аудандық, ауылдық аналар кеңесінің, «Жансая», «Ұлағат» клубтарының белсенді мүшелері қатысты. 


Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Кенжеқыз Мусағалиева мекеменің облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып,  семинарға сәттілік тілеп, «Жансая» көшбасшы аналар клубының мүшелері Айгүл Сейтжанова, Айнагүл Шакупова, Анар Мейірханқызын Алғыс хаттармен марапаттады. Осыдан кейін семинар жұмысына модераторлық еткен аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары, орталықтандырылған кітапхана директоры Анар Мусина спикерлер Замзәгүл Карсакова, Зоя Жағпарова, Ұлмекен Сапарова, Жадыра Хасанова, Динара Ғатауованы ортаға шақырды.  «Отбасы қаржысын жоспарлау және жарату», «Құқықтық сауатты ана – берекелі отбасының негізі», «Отбасы тәрбиесіндегі жасанды интеллектіні пайдалану және киберэтика мәдениеті», «Сөйлеу мәдениеті және ораторлық өнер», «Өзіңді басқару – өзгеге ықпал етудің бастауы» тақырыптарында ой қозғаған мамандар пікірлерімен бөлісіп, қатысушылармен кері байланысқа түсіп, маңызды тақырыптарды талқылады. «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің аналар кеңесінің төрайымы Айжан Рахметова «Этномәдени бірлестікте аналар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» тәжірибесімен бөлісті.
Шараны аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қорытындылап, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Кенжеқыз Мусағалиева өз тарапынан Замзагүл Карсакова, Ұлмекен Сапарова, Анар Мусина, Зоя Жағпарова, Жадыра Хасанова, Динара Ғатауованы Алғыс хаттармен ұлығылады. Тағылым мол облыстық семинар барысында ана ретіндегі жауапкершілік, спикерлер көтерген тақырыптар жан-жақты қамтылды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT