Суық қаруды заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында кездесу өтті

(0 Votes)

№2 Атырау қалалық полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің қызметкерлері Атырау аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері суық қаруды заңсыз алып жүрудің қоғамға қауіптілігі мен оның құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Іс-шара барысында студенттерге қолданыстағы заңнама талаптары, атап айтқанда суық қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүргені үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері ерекше назарға алынды.

- Әрбір азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Суық қаруды заңсыз алып жүру – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу – баршамызға ортақ міндет. Қарапайым тілмен айтқанда, әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбай өмір сүруі керек. Себебі бір адамның қателігі өзгелерге зиян келтіруі мүмкін, – деді №2 Атырау қалалық полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Диар Шафиғолла.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT