Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау

(0 Votes)

ҚР «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы шеңберінде азаматтардың назарына жазғы кезеңде су айдындарында жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі едәуір артатыны жеткізіледі. Шомылу маусымы басталғаннан бері суға кетудің 10 дерегі тіркелді.

Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері - жабдықталмаған орындарда шомылу, қауіпсіздік талаптарын сақтамау және мас күйінде суға түсу.
Прокуратура ескертеді: балаларды су айдындарында тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдыруға болмайды. Ересектер қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс - тек арнайы белгіленген орындарда шомылу, мас күйінде суға түспеу және өз өмірі мен қоғамға қауіп төндірмеу қажет.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және әр азаматтың жауапкершілігі қайғылы жағдайлардың алдын алуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT