Шахтинскіде полицейлер тұрғындарды ықтимал қауіптен қорғады

(0 Votes)

2 қыркүйек күні полицияға Шахтинск қаласындағы К.Маркс көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберетінін айтып, қорқытқан.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер подъездегі 35 адамды эвакуациялап, ықтимал қауіптің алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады.

Полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін ер адам пәтердің есігін ашты. Оның мас күйде болғаны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі анықталған жоқ.

Аталған ер адамға қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізу кезеңінде ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Жиналған материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT