14–15 тамыз күндері Ақмола облысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» полигонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған SHAIQAS-2026 чемпионатының ақтық кезеңі өтеді.
Онда үздік командалар ұшқышсыз авиациялық жүйелерді басқару, жерүсті роботтандырылған техникасын тиімді пайдалану және кибертехнологияларды қолдану бағыттары бойынша кәсіби шеберліктерін сынға салады.
Тартысқа толы додада қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығы, тың ойлау қабілеті, жедел шешім қабылдай білуі және ұтымды тактикасы жеңіске жетудің басты кепілі болмақ. SHAIQAS-2026 чемпионатының финалы заманауи әскери технологиялар мен инновациялық мүмкіндіктер тоғысқан, үздіктер анықталатын айтулы алаң болмақ.

