Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймақтарын қамтыған нағыз халықтық қозғалысқа айналды. Оның аясында ауыл-ауылды күл-қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Туған жердің көркейіп гүлденуіне атсалысу–әрбіріміздің борышымыз. Айналаның шашылмауы, қоқыстан таза болуы үшін ауданда апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қолға алынып жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары үлес қосып, өз аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады. Бүгінде апта сайын жүргізіліп келе жатқан сенбілік жұмыстарының арқасында ауданымыз көрікті мекенге айналып келеді. Нәтижесінде айналамыз кәдімгідей жаңарып, жасарып қалады. Жұмыла істелген тазалық жұмыстарынан соң, айнадай жарқырап кетпегенімен жинақылықтың лебі байқалады. Жұртшылыққа жаңаша серпін берген сенбіліктің өлкені қоқыс-қалдықтан тазартып, айналаның әсемденуіне тигізер пайдасы көп. Сенбілік жұмыстарының уақытылы, ойдағыдай өтуіне аудан және округ әкімдіктері мүдделі. Жаппай тазалау жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері өздеріне белгіленген жерлерді күл-қоқыстан тазартып, бей-берекет тасталған заттарды шығару сияқты жұмыстарды атқарады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазалықтан бөлек көркейту және көгалдандыру жұмыстары да қолға алынды. Сондай-ақ ағаш отырғызылып, бұрыннан бар жасыл желектерге күтім жасалды.
Осылайша мәдениетті ұлт қалыптастыруға үндейтін «Таза Қазақстан» бастамасы уақытша емес, өміршең екендігін көрсеттті. Жалпы тазалық іс-шараларының тәрбиелік маңызы өте зор. Бір рет қоқыс жинауға қатысқан азамат екінші рет жүрген жерінде қоқыс тастауға беттемейді, табиғат пен қоршаған ортаның тазалығына әрбір азамат жауапты екенін түсінеді. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда, бойымызда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтуге, тазалыққа деген әуестікті арттыруға «Таза Қазақстан» акциясы зор рөл атқарады.
Айбек НӘЖІМОВ
Сенбіліктердің септігі көп
- Информация о материале
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- : 54

