Атырау облыстық «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының жатақхана ұжымы эко-акцияға қатысты.
Көктемгі тал ағашын отырғызу шарасына техникалық қызметкерлер, асхана ұжымы, шаруашылық бөлім мамандары тартылды.
Жатақхана аумағын абаттандырып, жасыт желектерге толтырған олар қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, #TazaQazaqstan жалпыұлттық идеясын қолдайтынын жеткізді

