Конституциялық деңгейде білім беру саласының тұрақты дамуы, оның мазмұнының халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуі, цифрлық және инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру міндеттелді.
Мемлекеттік гранттар көлемін арттыру, оқу орындарының инфрақұрылымын жаңарту, білім мен ғылымды интеграциялау, кадр даярлаудың жаңа моделі – мұның бәрі жаңа құқықтық негізді қажет ететін бағыттар болатын. Конституция осы реформаларды жүзеге асыруға құқықтық тірек жасайды. Сонымен қатар, өңірлердегі жастар үшін білім алудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселесі де ерекше назарға алынған. Бұл – ауылдағы және қаладағы жастардың кәсіби бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.
Қанат Ғұмаров


