Өрлік ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді жастар қатысып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындардың аумақтары тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, жол жиектері мен әлеуметтік нысандар маңындағы аумақтар ретке келтірілді.
Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан тұрғындар қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Мұндай игі шаралар ауылдың көркеюіне, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және тұрғындардың бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның мақтанышы. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.


