РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

(0 Votes)

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайында болып, мекеме ұжымымен кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты – Конституцияның жаңа жобасын таныстырып, алдағы референдумның маңызы мен мәнін кеңінен түсіндіру.

🗣 Кездесу барысында коалиция мүшелері референдумның қоғам үшін маңызы, оның негізгі бағыттары және елдің саяси-әлеуметтік дамуына қосатын үлесі жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, Сайрам медициналық колледжінің директоры Жанар Әмірханқызы, қалалық мәслихат депутаттары Лазиз Сулайманов пен Асқар Молдабек, №4 өнер мектебінің директоры Шакир Умаров және «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Омаров қатысты.

Жиын барысында коалиция өкілдері референдум арқылы қабылданатын шешімдердің ел болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың саяси науқандарға белсенді қатысуы – демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші екені айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Пікір алмасу барысында қатысушылар референдумның мәні мен мазмұны туралы ой бөлісіп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

✔️ Айта кету керек, мұндай түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық және саяси сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың ел өміріндегі маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT