Әр адамнан басталатын әрекет

(0 Votes)

Тазалық туралы сөз көп айтылады. Алайда оның шынайы нәтижесі мінберден көтерілген ұрандармен емес, көшенің келбетімен, қоршаған ортаның жағдайымен және тұрғындардың күнделікті іс-әрекетімен өлшенеді. Өйткені таза орта – тек коммуналдық қызметтің жұмысы емес, ол қоғам мәдениетінің, азаматтық жауапкершіліктің және туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі.

Соңғы екі жылда елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы осы ұстанымды нақты іске айналдыруға бағытталды. Бастама қолға алынғалы бері тазалық пен абаттандыру мәселесі қоғамның күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың біріне айналып, елді мекендердің ажарын арттыруға тың серпін берді. Ең бастысы, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті біртіндеп тұрғындардың өмір салтына еніп келеді. Бұл өзгерістер ауданда да айқын байқалады.

Аудан көлемінде өткізілген сенбіліктер, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары өңірдің келбетін жақсартумен қатар, тұрғындардың ортақ іске деген белсенділігін арттыра түсті. Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуды азаматтық парыз санайтын жандардың қатары көбейіп келеді.

Біз де ауданның тазалығы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген түрлі сала өкілдерінің пікірін назарға ұсынып отырмыз. Олардың ойлары мен ұсыныстары тазалықтың бір күндік науқан емес, тұрақты қоғамдық құндылыққа айналуы үшін әркімнің үлесі маңызды екенін аңғартады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT