Президент кеңесшісі Атыраудағы оқу-индустриялық полигонмен танысты

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Алексей Цой Атырау облысына жұмыс сапары барысында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқу-индустриялық полигонына барды. Бұл нысан өңірдегі кадр даярлау саласының стратегиялық маңызды жобаларының бірі болып саналады.
Аталған жоба Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – университетті заманауи технологиялармен жабдықталған, өндіріс пен білім беруді біріктіретін, индустриялық бағыттағы жоғары технологиялық оқу орнына айналдыру.

43d7bf43 6689 4b31 a247 733fbc2dbaf3

Оқу-индустриялық полигон студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мұндай инфрақұрылым мұнай-газ саласына қажет білікті мамандарды даярлауды күшейтіп, өңірдің экономикалық дамуына да оң әсер етеді. Полигон аумағында зертханалар, оқу-өндірістік аймақтар мен шынайы өндірістік үдерістерді имитациялайтын тәжірибелік қондырғылар орнатылған.
Жобаның жүзеге асырылуына университеттің өндіріс орындарымен орнатылған тығыз байланысы негіз болды. Атап айтқанда, «Ембімұнайгаз» АҚ компаниясы жобаға қаржылай қолдау көрсетті.

25ec0ba7 4974 4e28 8575 dac50f63ce59

Университет жанындағы Индустриялық комитет арқылы мұнай-газ саласының жетекші сарапшылары оқу бағдарламалары мен практикалық жұмыстардың сапасын қадағалауда.

-Бұл полигон — болашақ инженерлердің кәсіби құзыреттілігі шыңдалатын ғылыми-тәжірибелік хаб. Біз нарыққа дайын маман шығару арқылы еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайтуды көздейміз, — деп атап өтті университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT