Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында түсіндірме жұмысы жүргізілді

(0 Votes)

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстардың, ауыр қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу, сондай-ақ криминогендік жағдайды бақылау және осы саладағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, әкімшілік учаскелер аумағында пәтерлер мен аулаларды аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Құрманғазы ауданында да осы бағытта жүргізілген іс-шаралар барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген азамат анықталып, полиция бөлімшесіне шақырылды. 

Онымен жеке профилактикалық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп, заң талаптары мен құқықтық жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT