Орталық Азиядағы әлеуметтік қолдау

(0 Votes)

Қазақстан көрші елдерге қарағанда әлеуметтік көмекке әлдеқайда көп қаржы бөледі. Ел халқы әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты көбірек әлеуметтік қолдау алады, әрі бұл қолдауға бөлінетін қаражат көлемі де айтарлықтай жоғары.

Азаматтардың мемлекеттен көмек алуының негізгі себептері ұқсас: бала туу, зейнетке шығу, мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жұмыс іздеу. Алайда биліктің бұл мәселелерге деген көзқарасы мен тәсілдері әртүрлі.

Салыстыру үшін:
Орташа зейнетақы мөлшері
🇰🇬 Қырғызстан: 60 706 тг
🇺🇿 Өзбекстан: 61 303 тг
🇹🇯 Тәжікстан: 22 886 тг
🇰🇿 Қазақстан: 157 843 тг

Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы
🇰🇬 Қырғызстан: 43 215 тг
🇺🇿 Өзбекстан: 34 520 тг
🇹🇯 Тәжікстан: 11 415 тг
🇰🇿 Қазақстан: 164 350 – 1 158 107 тг

Сонымен қатар, Қазақстанда жолаушылар тасымалы да субсидияланады. Мысалы, Астанада 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар ішкі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 62,34 млрд теңге қарастырылған. Алматыда бұл көрсеткіш 107,6 млрд теңгені құрайды, оған метро мен әлеуметтік маңызы бар маршруттар кіреді.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттердің құзырында коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы төлеу және басқа да әлеуметтік мәселелер бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT