Оқушылар кинолог мамандармен кездесті

(0 Votes)

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру арқылы кинолог мамандығының қоғамдағы маңызын таныстыру, қызметтік иттерді даярлау ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, құқық қорғау саласындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына бағыт-бағдар беру.


Шара барысында тәжірибелік ақпаратпен бөліскен Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологтары:
полиция аға сержанты Ерболат Рахымжан, полиция сержанты Сүйіндіков Мағжан, полиция кіші сержанты Шайхы Ерасыл өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, кинолог мамандығының қыр-сыры, қызметтік иттердің арнайы даярлығы мен олардың құқық қорғау саласындағы рөлі туралы кеңінен ақпарат берді.
Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын оятып, патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ету – шараның негізгі нәтижесі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT