Атыраудағы №51 Келешек мектебінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған эстетика бірлестігі жұмыс істейді.
Бірлестік аясында музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру және шығармашылық бағыттары қамтылған. Бұл бағыттар оқушылардың өнерге қызығушылығын арттырып, қабілетін дамытуға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Эстетика бірлестігінің басты мақсаты – өнерді сүйетін, шығармашыл, эстетикалық талғамы жоғары әрі белсенді тұлға қалыптастыру.
Мектепте оқушылардың өз қабілетін еркін танытып, шығармашылық ізденіспен айналысуына қолайлы орта қалыптастырылған.


