Өндіріс еңбеккерлерімен кездесу

(0 Votes)

Аумақтық коалиция мүшелері  Г.Калиева, Б.Өтегенов, Н.Елемесұлы және Б.Анесов «Құрманғазы сервистік дайындау орталығы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің ұжымымен кездесіп, жаңа Ата заң жобасының маңыздылығын түсіндірді. Кездесуде Гулжанат Калиева жаңа Заң жобасында халықтың ұсыныстары ексеріліп, азаматтардың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына ерекше мән берілгенін атап өтті. 

«Жаңа Заң жобасы – еліміздің әділетті, ашық және жауапты мемлекет құру жолындағы маңызды қадамы. Бұл құжат азаматтардың құқығын қорғауды күшейтіп, қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыруға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, заң жобасының 84 пайызына өзгерістер енгізілді. Денсаулық сақтау, құқық саласы, сот саласы, білім және ғылым салаларында айтарлықтай оң өзгерістер болғалы тұр. Себебі, комиссия мүшелері жаңа жобаны жазарда азаматтардың, сарапшылардың, саяси партиялардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі қарап, талдап, ортақ пайымға келді. Шындығында, жаңа Ата заң жобасы жаңа Қазақстанның барлық қажеттіліктеріне сай жасақталған. Елдің болашағы азаматтардың белсенді ұстанымы арқылы қалыптасады. Қоғамның қатысуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сенім, тәртіп және жауапкершілік артады. Осы ретте мұндай кездесулерде жаңа Конституция жобасын талқылауға азаматтардың белсенді атсалысуы қуантады, олар өздеріне қатысты өткір сұрақтар қойып, ұсыныс, пікірін еркін білдіруде - деді коалиция мүшесі.

Коалиция мүшесі Болатбек Өтегенов биыл Қазақстан Республикасы жаңа Конституция жобасын ресми түрде әзірлеп, жариялағанын және оны қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылғанын атап өтіп, ұжым болып қолдау көрсетуге шақырды. 

Спикерлер Конституциядағы басқа да маңызды баптардың мән-мағынасын ашып түсіндірді. Еңбеккерлер қауымы еліміздің жарқын болашағы үшін маңызды республикалық референдумға белсенді түрде атсалысып, дауыс беретінін жеткізді.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026