Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында тұрғындармен кездесті. Жиын барысында «IQ» жекеменшік бастауыш мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Шоқан Болысбек алдағы реформалар аясындағы экономикалық даму мен цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.
Мұғалім өз тәжірибесінен мысал келтіріп, жасанды интеллект негізінде әзірлеген ағылшын тілін оқыту бағдарламасын таныстырды. Бағдарламада оқушылар кейіпкерді, оқиға өтетін орынды және сюжетті өздері таңдайды. Соның негізінде жүйе ертегі құрастырып, оны қазақ тіліне аударады әрі дыбыстап береді.
Оның айтуынша, мұндай заманауи тәсілдер дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім беру үдерісінің тиімділігін күшейтеді. Бұл – цифрлық дәуір мүмкіндіктерінің айқын көрінісі.



