✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.
✔️Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
✔️Президент екі елдің экономикалық ықпалдастығының келешегін жоғары бағалады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған көрсеткішті әлі де арттыра түсуге болады. Әсіресе, сауда-саттық көлемін аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар.
✔️Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыруды ұсынды.
✔️Ынтымақтастықты жандандыратын саланың бірі – туризм.
✔️Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал бағыттардың қатарына кіреді. Өткен жылдың өзінде бұл елге 150 мыңнан аса отандасымыз барған.
✔️Қазақстан да Таиланд азаматтарына демалыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қызметін ұсына алады.
t.me/aqorda_resmi

