Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында буллинг мәселесі өзекті болып отыр. Кей оқушылар арасында келемеждеу, мазақтау немесе психологиялық қысым көрсету жағдайлары кездеседі. Мұндай әрекеттер баланың психикасына кері әсер етіп, оқу процесіне кедергі келтіреді.
Педагог-психолог Ләззат Қуанышованың айтуынша, буллингтің алдын алу үшін ашық диалог пен сенім атмосферасы қажет.
— Бала өз проблемасын жасырмай айтуы үшін мектепте қолайлы орта қалыптасуы керек. Мұғалімдер мен ата-аналар бірлесіп жұмыс істегенде ғана нәтиже болады, — дейді маман.
Сондықтан әр мектепте түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

