#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстар жүргізді. Аталған шара барысында аудандық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен кездесу ұйымдастырылып, мал ұрлығының алдын алу, заң талаптарын сақтау және тіркеу тәртібін күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар тарапынан малды уақытылы тіркеу, таңбалау және құжаттарын ретке келтірудің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында малды қараусыз қалдырмау, қауіпсіз орындарда ұстау, күдікті жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарлау қажеттігі айтылды.

