«Lotus fest» фестиваліне дайындық басталды

(0 Votes)


Өңірдің мәдени және туристік әлеуетін дамытуға бағытталған Лотос фестивалі алдағы тамыз айында өтеді. Осыған орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Абат Жанғалиевтің төрағалығымен су бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың алдын алу, жүзу құралдарын заңдастыру мәселесі бойынша жиын өткізілді. Оған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ауылдық округ әкімдері, «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Құрманғазы аудандық балық инспекциясы, Құрманғазы ауданы бойынша Жағалау күзетінің дивизион кіші катерлер тобы, аудандық төтенше жағдайлар, полиция бөлімдері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, демалыс орындарының басшылары қатысты.
Су бойындағы қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізу жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасы тыңдалды. «Lotus fest» фестивалі аясында тасымал қызметімен айналысатындардың жүзу құралдарын  заңдастыру, салық органдарына тіркеу бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Баян Қуанышалиева баяндады. Енді осы кәсіппен айналысқысы келетін әр адам кәсіпкер болып тіркеліп, Үкіметке салығын төлеп, тиісті жарналарын аударуы тиіс. Былтыр әр қызмет көрсетуші су аймақтарында болудың өз тәртібі бойынша «E-gov» порталы арқылы тек рұқсат қағазын алған болатын. Биыл жеке кәсіпкерлігін ашып, заңдылыққа сай жұмыс жасауы қажет. Залда отырған қатысушылар мәселеге орай сұрақтарын қойып, аудан басшысынан, тиісті мамандардан жауаптарын алды. Қайықшылар бүгінде арналардың шөбін тазалау жұмыстарымен айналысып жатқанын жеткізді. Теңіз ауылдық округінің әкімі Мұрадым Мұзафар алдағы уақытта бұл бағытта бірлескен жұмыстар жүзеге асатынын айтты. Жиынды аудан әкімі Абат Жанғалиев қорытындылап, ауқымды шараның дайындығына орай жауапты лауазым өкілдеріне түрлі тапсырмалар жүктеді. 
   .

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT