Әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген 38 және 39 жастағы екі әйел полиция қызметкерлерімен анықталды

фото видеодан алынды
(0 Votes)

Екі азаматша да полиция басқармасына жеткізілді. Анықталған деректер бойынша оларға қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контентті тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік істердің материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар, әйелдермен теологтың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында оларға заң талаптары, қоғамдық тәртіп нормалары және осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Полиция департаменті әлеуметтік желілер заң талаптары қолданылмайтын орта емес екенін ескертеді. Тікелей эфир кезінде де жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында тиісті баға беріліп, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT