Кәсіпке кедергі жоқ: Абылай Бекеттің табысты бастамасы

(0 Votes)

Талдықорған қаласында өз ісін нық қолға алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жүрген кәсіпкерлердің бірі – Абылай Бекет. Ол – «Aquafish.tdk» қоғамдық тамақтану орталығының иесі, І топ мүгедектігі бар азамат.

Абылай Бекет 2025 жылы Жетісу облысының әкімдігінен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында 3 млн теңге көлемінде грант иеленіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Осы қолдаудың арқасында сол жылдың қыркүйек айында «Aquafish.tdk» қоғамдық тамақтану орталығы өз жұмысын бастап, бүгінде Талдықорған тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Кәсіпкер үшін бұл жоба тек жеке бизнес емес, еңбекке ұмтылудың, табандылықтың және мүмкіндікті дұрыс пайдаланудың жарқын үлгісі. Бүгінде орталықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Абылайдың жетістігі қандай жағдай болмасын, мақсатқа ұмтылып, өз ісін бастауға және дамытуға болатынын көрсететін жақсы мысал. Мемлекеттік қолдау мен табанды еңбектің нәтижесінде «Aquafish.tdk» бүгінде қала тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған кәсіпке айналды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT