Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!

(0 Votes)

Соңғы уақытта қараусыз жүрген малдың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі орын алды. Осыған байланысты мал иелерінен төрт түлікті қараусыз қалдырмай, автожолдарға шығып кетуіне жол бермеуді сұраймын.

Мәселен, 10-11 қазан күндері бір түннің ішінде Атырау-Астрахань тасжолында қараусыз жүрген үй жануарларының қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

10 қазан күні сағат 20:15 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 635-шақырымында Mitsubishi Montero Sport автокөлігі қараусыз жүрген жылқымен соқтығысқан. Сол күні сағат 20:50 шамасында тасжолдың 821-шақырымында Toyota Camry автокөлігі сиырды қағып кеткен.

Ал сағат 22:10 шамасында Атырау-Астрахань тасжолының 722-шақырымында TANK автокөлігі жылқымен соқтығысса, 11 қазан күні сағат 00:52 шамасында тасжолдың 636-шақырымында Subaru автокөлігі тағы бір жылқыны қаққан.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан көлік құралдарына материалдық залал келтірілді. Жүргізушілер дене жарақатын алған жоқ.

Құрметті мал иелері! Төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың автожолға шығып кетуіне жол бермеулеріңізді сұраймын.

Жүргізушілерге де айтарым, әсіресе түнгі уақытта тасжолдарда барынша мұқият болыңыздар. 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT